Шығыстану факультетінде Республикалық деңгейде мастер-класс өтті
2014 жылдың 28 және 30 қазан күндері Қытай туралы көптеген танымдық, ғылыми кітаптардың авторы және қытай тілін оқытудың кез-келген жас ерекшеліктері мен түрлі деңгейге арналған әдістердің авторы, қытайтану кафедрасының доценты Даулет Ф. «Инновациялық техникалырды қолдану арқылы қытай тілін оқытудың жаңа концепциясы» тақырыбында республикалық деңгейдегі мастер-класс өткізді.
28 қазан күні өткен мастер-класта Ф.Даулет бакалавр дәрежесінде 1 курста оқып жатқан студенттерге «Базалық шет тілі. А1, А2 деңгейі» пәні бойынша апробацидан өтіп жатқан «Қытай тілінің практикалық курсы. Жаңа концепция» оқулығының алғашқы нәтижелерін көрсетті.
30 қазан күні өткен мастер- «шығыс филологиясы» мамандығы бойынша оқитын 2 курс магистранттарына "Қытай тілінде ғылыми мақала жазу және оны баяндау" тақырыбында қала дәрежесінде мастер класс-ашық сабақ өтті.
Мастер-класта студенттердің субъективті тәжрибесін байытатын, белсенділігін арттыратын құзырлы-бағатталған, тұлғалық-бағытталған сияқты инновациялық әдістерді пайдалану арқылы жасалынған жаттығуларды қолдануды көрсетті. Студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал ететін, алған білімін түрлі бейстандартты жағдайда қолдана білуге үйрететін амал-әдістер ұсынылды. Әр бір жаттығу түрлі стимулдар мен нақтылы тапсырмалар арқылы беріліп отырды. Сонымен қатар берілген тапсырмалар мәліметтердің шыққан төркіні мен баға қою тәртібімен қатар беріліп отырды.
Мастер-класқа факультетіміз бен кафедраның оқытушыларынан басқа Абылайхан атындағы ҚазМХҚжәнеӘТУ, Абай атындағы ҚазМПУ, ҚазМҚПУ және Алматы қаласына еліміздің түрлі оқу-орындарынан біліктілікті арттыру курстарына келген оқытушылар қатысты.