Олимпиадаға Ресей федерациясының әр түрлі қаласынан 168 қатысушы, 26 топ, соның ішінде «Логос» студенттік қоғам белсенді мүшелерінен құралған біздің топ қатысты:
- Галимова Нұргүл – топ капитаны, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенті
- Ким Марина - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенті
- Дарубаев Дамир – «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті
- Суйеугазиева Асель - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенті
- Жусупова Асем - Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенті
Топтың ғылыми кеңесшісі: п.ғ.д., проф. Мынбаева А.К., жетекшілері: п,ғ.к., проф.м.а. Қасен Гульмира Аманқызы, п.ғ.к., доцент м.а. Мамырбекова Гульсан Ариповна.
Олимпиада қатысушылары «Балалар ертегілері» сырттай байқауда, «Көрмеу мүмкін емес» ойын түріндегі саяхаттау байқауында, уақытпен есептелетін пікірталаста өз білімдері мен біліктерін көрсетті, кейспен жұмыс істеді, Д.Д. Шостакович атындағы мектепте «Герцен сабағын» жүргізді, Алтын дәріс тыңдады. Олимпиада бағдарламасы қызықты әрі бай болды.
Топ:
1 орын – екі қатысушы (Дарубаев Д., Ким М.)
2 орын – 1 қатысушы (Суйеугазиева А.) жүлделі орындар,
Әр түрлі байқаулар бойынша келесідей номинацияларға: «Құндылықты бағдарлар» - Галимова Н.
«Тәрбиелеу өнері» - Галимова Н., Жусупова А.
«Еркін сабақ» - Дарубаев Д., Ким М., Суйеугазиева А. ие болды.