- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ өкілдері Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Супхи Атанның қабылдауында болды
ҚазҰУ өкілдері Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Супхи Атанның қабылдауында болды
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының өкілдері кафедра меңгерушісі, филол. ғыл. докторы, проф Г.Қ.Ихсангалиева, халықаралық ынтымақтастық және ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің декан орынбасары Ж.С.Нұржанова, филол. ғыл. докторы, проф. А.Е.Саденова Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Супхи Атанның қабылдауында болды.
Кездесу барысында профессор Г.Қ.Ихсангалиева консул мырзаны кафедраның негізгі қызметінің бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ, келесі жылы кафедраның құрылғанына 30 жыл толатынын атап өтті. Бас консул оқытушы құрамының әдістемелік-ғылыми жұмыстары және факультеттегі шетелдік студенттердің жағдайы туралы танысып білді.
Сонымен қатар кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрік азаматтарын алдағы уақытта қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту жөнінде мәселе қаралды. Супхи Атан мырза кафедраның жұмысына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдіріп, кафедраның ашық есік күніне қатысуға келісім берді.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы