- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Шығыс елдеріндегі мұрағаттық деректер арқылы Қазақстан тарихының «ақ таңдақ» тұстарын қалпына келтіру: олардың ғылыми айналымға енуінің Мәңгілік Ел ұлттық идеясын нығайтудағы рөлі» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
«Шығыс елдеріндегі мұрағаттық деректер арқылы Қазақстан тарихының «ақ таңдақ» тұстарын қалпына келтіру: олардың ғылыми айналымға енуінің Мәңгілік Ел ұлттық идеясын нығайтудағы рөлі» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарға факультет деканы Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы бастап, шығыстану факультетінің оқытушылар мен профессорлар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Семинарды қытайтану кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы өзі жүргізіп отырды.
Хангелді Мақмұтұлы Күлтегін жазуларынан бастау алған ұлттық идеяны, Қазақ хандықтары кезіндегі, Алаш зиялыларының ұстанған идеялары, кеңес кезіндегі идеяларды өте жүйелі түрде қызықты қылып айта отырып, бүгінгі күнге, яғни президентіміз ұсынған «Мәңгілік ел», одан кеше ғана жолданған «Нұрлы жол» идеясына әкеліп тіреді. Осы ұстанымдарды нығайта түсу үшін, еліміздің тарихында орын алған кейбір «ақтаңдақ тұстарын» қалпына келтірудегі шығыстанушы мамандардың алдында тұрған міндеттерді нақты айқындап берді. Университетіміз бен тарих және этнография институты арасындағы байланысты нығайту, дамыту да өзекті әңгіме арқауына айналды. Семинар барлық қатысушылардың зор қызығушылығына ие болды. Хангелді Махмутұлы соңынан қойылған көптеген сұрақтарға да өте тынғылықты да нақты жауап берді.