Жастардың білімге қолжетімдігін арттыру мәселесі Елбасының үнемі назарында - Б.Әрінова

17 қараша, 2014

Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін заманауи әдістер мен технологияларды ендіру, білім беру жүйесін тұтастай инновацияландыру, жастардың білімге қолжетімділігін кеңейту сияқты мәселелерге жыл сайынғы Жолдауда арнайы көңіл бөлінуі жастар мәселесінің мемлекеттік деңгейде қарастырылатынын көрсете отырып, еліміздің білім беру жүйесіне де зор міндеттер жүктейді.


Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиеден бастап, жоғары білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің адам капиталын дамытуға бағытталуы елдігіміздің белгісі десек артық емес.

Маманның айтуынша, бүгінгі таңда қалыптасқан еңбек нарығында білімді, шығармашылық түрде креативті ойлай алатын, интеллектуалдық әлеуеті жоғары, алған білімін кез келген салада қолдана алуға қабілетті мамандар дайындау жоғары оқу орындарының басты мақсаты болмақ.

Сондықтан жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде еліміздегі тұрақтылық пен татулықты, халықтар арасындағы ынтымақтастықты сақтай білуге, ата-баба дәстүрін жалғастырып, өткен тарихты құрметтеп, бүгінгі болашаққа үлкен сенім артуы тиіс. Өйткені көпұлтты Қазақстанда жастар арасындағы өзара татулық, бір-біріне деген достық пен сыйластық жоғары оқу орындарында білім алушыларды ауызбірлікке тәрбиелеп, Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға жол ашады.

Білікті ұстаз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауы еліміздің өркендеуіне жаңа серпін беретін, халықтың игілігіне бағытталған аса маңызды тарихи құжат болып табылады.

Жолдауда еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігі, экономикалық тұрақтылығы және халықтың әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары біртұтас қарастырылып, Қазақ елінің болашақ дамуындағы жаңа бетбұрыстар туралы айтылды. Нұрлы болашақ жолындағы әрбір жас қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, нәтижелі білім алуына да мол мүмкіндіктер жасалып отыр.

Б.Әрінова,

Жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты