- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылады
Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылады
Экономика және бизнес жоғары мектебінде дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ деканы э.ғ.к., доцент Б.Ж. Ермекбаева өз сөзінде Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының барлық ғылыми ұйымдарға маңыздылығын және студенттерге жолдауды жеткізудің мақсатының мәнділігін және Елбасы жүктеген міндеттерін шешудегі рөлінің белгісін атап өтті. Сонымен қатар, Жолдау талқысына кафедра меңгерушілер, профессорлар, докторанттар мен магистранттар да қатысты.
Дөңгелек үстелде ҚР ҰҒА академигі, «Учет и аудит» кафедрасының э.ғ.д., профессоры С.С. Сатубалдин «Нұрлы жол - Қазақстан экономикасын өркендететін бағдарлама» тақырыбында баяндама жасады. Академик С.С. Сатубалдин ҚР президентінің Жолдауында Қазақстан экономикасының дамуының қажеттілігінің айқын көрінісінің басым бағыттарын атап өтті.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының э.ғ.к., доценті С.К. Жұмамбаев «Инфрақұрылымның дамуы жаңа экономикалық саясаттың негізі ретінде» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан үшін көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымның дамуының аса маңыздылығын атады, сонымен қатар,олардың дамуымен мемлекеттің экономикасының дамуының дәрежесі арасындағы тікелей тәуелділікті айтып өтті. «Экономика» кафедрасының э.ғ.д., профессоры Ж.Я. Аубакирова «ҚР президентінің жолдауының аясында кіші және орта бизнестің дамуы» тақырыбында баяндама жасады.
«Қаржы» кафедрасының э.ғ.к., доценті Г.Р. Даулиева «Елбасы Жолдауы білім саласын дамытудың жаңа бағдары» әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында ғылымдардың экономика саласында байланысын қамтамасыз ету және кадрларды дайындау жөнінде кілтті сәттерді атап өтті.
Баяндамалардан кейін дөңгелек үстелдің қатысушылары Жолдауға қатысты өз көзқарастарымен жеке позицияларын және ҚР Президентінің жүктеген міндеттеріне еркін пікірталас жасап, ой алмасты.
Экономика және бизнес жоғары мектебі