Қазақ ұлттық университеті делегациясының Ноттингем университетіне (Ұлыбритания) іс сапары

17 қараша, 2009

2009 ж. 14-21 қазан айында «International Strategic Partnerships in Research and Education» (INSPIRE) халықаралық жоба шегіндегі білімағарту жағынан тәжрибе алмасу мақсатымен Ұлыбританияның Ноттингем университетіне іс сапармен ҚазҰУ делегациясы - профессор В.Г. Сальников, доцент Р.Т. Бексеитова және PhD докторанты М. Каратаев,- барып келді.

2007 ж. бастап ҚазҰУ-дың география факультеті Британ Кеңесінің INSPIRE халықаралық жоба шегінде Ноттингем университетімен жолдастық келісімдікке келді. Аталған университетпен ғылыми қатынастықтың басты бағыты - «климаттың өзгеруі және онымен байланысты жердің құлдырауы» атты ғылыми-білімағарту жобаның орындалуы. Сонымен бірге, іс-сапардың тағы бір маңызды міндеті - Ноттингем университетінің «Environmental change» бағыты мен ҚР «Болашак» халықаралық бағдарламаны біріктіре отырып ортақ PhD докторлық бағдарламаның жобасын жасап келісім шартқа отыру. Болашақта бұл жоба және оның негізінде жасалатын келісім шарт құжаты ҚазҰУ-дың география факультеті докторанттарының Ноттингем университетінде өз оқуларын жалғастыруға мүмкіншілік беретін негіз болып табылады. Жоспарланған келісім шегінде ҚазҰУ-дың география факультетінің ғалымдары Ноттингем университетінің жобаларына қытысып және орындалып отырған жобаның квотасы бойынша академиялық жыл ішінде аталған университетке қысқа мерзімдік стажировкаға баруға мүмкіншілік алады.

Қазіргі кезде дүниежүзінде танымды Ноттингем университеті - білім беру сапасы және ғылыми зерттеулер деңгейі жағынан Ұлыбританияның ең қарқынды дамушы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет 400 халықаралық компаниялар сұранысымен әртүрлі зерттеулік жобаларды іске асыруда. Ноттингем университетінің халықаралық деңгейінің танымдық белгісі - дүниежүзі жетекші университеттердің ұйымы Universitas21 консорциумына қосылуы. 2004 ж. Ноттингем университеті Quee's Anniversary Prize атты екі Royal (патшалық) марапатына ие болды. Бұл университет үш жыл қатарымен Ұлыбританияның «Жыл университеті» премиясының жүлдегері болып келді (Times Higher Awards 2005/06, 2006/7, 2007/08). Times журналының жоғары оқу орындарының рейтингісінде 26 орынға ие болып отыр (2009 ж.).

Жоба шегінде ҚазҰУ делегациясының халықаралық қатынастық департаментінің Директоры Я. Джонспен, география факультетінің Деканы С. Харамен кездесулер өтті. Шетелдік әріптестер алдында профессор В.Г. Сальников сөз айтып ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арнаулы шығарылған мерекелік ақпарат материадарын ұсынды және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мерекелік дәрісінің негізгі тұжырымдаларын ашып таныстырды. Өз сөзінде профессор В. А. Сальников, іс сапардың негізгі мақсатына байланысты, ҚР Президентінің келесі ойын ерекше белгіледі. «Мемлекет Басшысы заңды деңгейде жеке секторды инновациялардың және ғылыми бағдарламалардың іске асыруына қаржы бөлүге шақырды. Жеке сектордың инвестицияларының арқасында ғалымдар өздерінің зерттеулерін орындай алады. Ал бұл жағдай, өз кезегімен, дүниежүзі қоғам жүйесінде біздің мемлекетіміздің өзіндік ноу-хау технологияларын және бәсекелістік қабылеттілігін көтеруге ашық жол береді».

Профессор М. Кларк «Осы әнгіменің желісіне қатысты ҚР Пезидентінің сөзінде ең маңыздысы - ол «Интеллектуалдық ұлт» атты жобасы. Менің түсінуім бойынша қазіргі уақытта Қазақ ұлттық университетінің маңызды міндеттерінің бірі - ол білімді, тереңойлы, бәсекелістікке қабылетті маманды дайындау. Бәсекелісті қабылеттілік., яғни маманның жоғарысапалық деңгейі мемлекеттің стратегиялық құндылықтарының бірі болып есептеледі. Қазақстан Республикасын дүниежүзілік ғылыми-білімағартулық жүйесіне еңгізуіне және мемлекетті сапалық жаңа деңгейге көтерүіне текқана бәсекелістік қабылеттілігі жоғары мамандардың қолынан келеді».

Профессор В.Г. Сальников «Ноттингем университетінде ірі жіне кіші компаниялармен белсенді түрде ғылыми-техникалық жобалар орындалып жатыр. Әдетте компаниялар университетке белгілі коммерциялық ғылыми зерттеулерді жүргізуге сұраныс етіп отырады. Ғылыми жобалардың сексен пайызы кіші бизнес құрылымдарымен қаржыланады. Ноттингем университеті компаниялардың көмегімен ғылыми паркілер, орталықтар мен зертханалар құрылыстарын салып, әртүрлі арнаулы сайыстарды өткізіп отырады».

Доцент Р.Т. Бексеитова

«Соңғы онжылдықтарда Климаттың өзгеруі Дүниежүзі қауымның алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып табылады және де қоршаған ортада үлкен қауыпты өзгерістердің жол алуына күмәнсіз. Қазіргі кездің өзінде дүниежүзінің біраз аймақтарында климаттың өзгеруі су ресурстарына, ауыл, орман балықаулау шаруашылығына, жалпы геоэкожүйелерге және осылармен байланысты адамның денсаулығына өзінің зиянды әсерін көрсетіп отыр. Бұл мәселенің маңызы әсіресе климаты аридты мемлекеттерге, ондайларға біздің Қазақстан да жатады, жоғарлай түседі. Себебі, климаттың құрғақшылдануы, антропогендік фактордың тигізетін әсерлігін ескере отырай, табиғи экожүйелердің салыстырмалы әлсіз тұрақтылығын қысқа мерзімде бұзуы мүмкін.

Ноттингем университетімен біріге отырып «Климаттың глобальды өзгеруі және жерлердің құлдырауы» атты халықаралық жобаның орындалуы копжылдық мерізім ішінде жинақталған метеорологиялық мәліметтердің талдауын және, климаттық көрсеткіштердің орта мәндерінің өзгерулерімен байланысты, топырақ-өсімдік жамылғысында және экзодинамикалық үрдістердің ағымындағы негативті өзгетістердің анықталуын болжамдайды. Орын алып отырған өзгерістердің анықталуы геожүйелер компоненттерінің жалпы мониторингісімен бірге далалық және зертханалық зерттеулерді, ғарыштық зондылау материалдардың талдауы мен олардың картографиялауын қажет етеді. Ноттингеи университетінің құатты ғылыми-технологиялық базасы (инновациялық орталығы, жабдықталуы жоғары деңгейлі зертханалар және ғылыми-зерттеу институттары) ғылыми жобалардың орындалуының негізі бола отырып экологиялық-географиялық бағыттағы әртурлі ғылыми және білімағарттық мақсаттарды шеше алатын жоғарыкәсіптілік мамандардың дайындауына үлкен көмек береді.

Орындалып жатқан жоба шегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми тобы

  • орман экожүйенің эталоны ретінде Ұлыбританияның Ұлттық «Шервуд орманды паркісімен» танысты;
  • оқу полигонында фациялар мен мекендер шегінде және шекараларында орналасқан учаскілердің топырақ кесінділер мен өсімдіктер түрлерін қарастырды. Сонымен бірге, аталған кесінділер мен өсімдік түрлерінің сақтау камералары және олармен зерттеулер өткізетін зертханаларымен танысты;
  • қоршаған ортада өтіп жатқан өзгерістер мен климаттық құбылыстарды байқауында қоғамдық сурау жүргізу жүйесімен танысып оның опробациясын өткізді.

Жобаның орындалуы үш жыл есебімен байланысты болғандықтан алдағы календарлық жылға келесі жұмыстар жоспарланып отыр:

  • 2010 жылдың жазында Қазақстанның негізгі табиғи зоналар ішінде орналасқан кілтті учаскілерінде далалық зерттеулер өткізу;
  • Қазақстанның Батыс (Орал қаласында) және Оңтүстік (Алматы қаласында) аймақтарында орналасқан метеорологиялық бекеттер бойынша көпжылдық мәліметтерді өндеу және негізгі трендтерін анықтау;
  • қоршаған ортадағы өзгерістерді және климаттың экстремалдық құбылыстарын байқау мақсатымен қоғамдық сурау жүргізу.

«Ноттингем университетінің инновациялық орталығымен, ғылым және технологиялар паркісімен, зертханаларымен танысу арқасында мен біздің ректордың ҚазҰУ болашағы қандай болуы керек екенін түсіндім. Қазіргі күнде ҚазҰУ-нің ғылыми-технологиялық прогресстың алға басуына үлкен ғылыми-білімағартулық, инновациялық және өндірістік потенциалы бар деп айтуға болады. Бұл жағдайды ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің мерекелік дәрісінде ерекше белгілей отырып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2009-2011 жылдарына жоспарланған даму Стратегиясын жоғары бағалап қолдады».

Докторант М. Каратаев «Бәсекелістік қабылеттілігі жоғары мамандарды дайындау ісінде маңызды рөлді ғылыми кадрлердің дайындау механизмі атқарады. Оқушылар контигентін қалыптастыруындағы қазіргі концепция халықаралық жүйеге максималды жақындастырылған және ҚазҰУ-не ең дарынды жастарды тартуға негізделген. Ағымдағы оқу жылында мемлекеттік гранттың 2586 иелерін қабылдай отырып әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабылдау компания озаттарының тізімін басқарды. Қабылданған студенттердің көпшілігі - «Алтын белгі», ерекше белгі аттестаттардың иелері, халықаралық және республикалық сайыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері Қабылдау комиссия мәліметтері бойынша биылғы жылда ҚазҰУ студенттер қатарына мектеп дайындығы өте жоғары деңгейдегі 850 абитуриенттер қосылды».

INSPIRE Британ Кеңесінің халықаралық жобасының шегінде 2009 ж. желтоқсанның 4 жұлдызында география факультетінде сағат 16:00 № 227 аудиторияда профессор В.Г. Сальниковтың, доцент Р.Т. Бексеитованың, PhDдокторант М. Каратаевтың Ноттингем университетіне барған іс сапар нәтижелерінің презентациясы өтеді.

Қызығушылық білдірген барлықтарыңызды шақырамыз.