«Саясаттануды оқытудағы тұлғалық-бағдарлық тәсілдер»
19 қараша, 2014
Профессор Мұсатаев С.Ш. қатысушыларды тұлғалық-бағдарлық тәсілдің мақсаттары және міндеттерімен таныстырды, тұлғалық-бағдарлық білім беру жүйесінің әдістері мен тәсілдерін айқындай отырып, студенттерді оқытудың негізгі принциптерін атап өтті. Сонымен қатар, профессор өз оқытушылық тәжірибесінен мысалдар келтіріп, жас оқытушыларға студенттерді оқыту мен тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер берді.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүзеге асты. Бұл мәселені талқылауда жас оқытушылармен қатар, бағдар беруші ұстаздар да белсенді атсалысты.
Семинар-тренингтің қорытындысында жас оқытушыларға аталмыш тақырыпқа қатысты оқу құралдары ұсынылды.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024