- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.
«Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.
2014 жылдың 27 қарашасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасы «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ауғанстаннан келген студенттерді қазақстандық білім беру жүйесі мен әлеуметтік ортаға бейімдеу үдерісін дұрыс ұйымдастыруға қатысты Қазақстанның жоғары оқу орындарының негізгі қызмет бағыттарын айқындау.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас Консулы, ҚР БжҒМ-нің өкілдері, "Ариана" қауымдастығының төрағасы, ҚР жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің қызметкерлері қатысады.
Жиын жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары бар қарар қабылдау жоспарлануда.
Дөңгелек үстелдің өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, 230-дәрісхана.