ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов WAAS мүшесі болып сайланды
25 қараша, 2014
Әлемдік өнер және ғылым академиясы Қамқорлық кеңесі (WAAS) мен Номинациялық комитеттің шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов осы беделді халықаралық ұйымның мүшесі болып сайланды.
WAAS және әлем университеттері консорциумының президенті Эйтор Гургулино де Соуза мырза ҚазҰУ ректорын құттықтай отырып: «Профессор Ғалым Мұтанов, белгілі ғалым және жаңашыл зерттеуші ретінде ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосуда. Оның модельдеу мен технологиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектерінің нәтижелері әлемдік ғылымда кеңінен танылды. Ол қызметі біздің ұйымның бағытымен үндес келетін ірі университетті іскерлікпен басқарып отыр», - деп атап өтті.
Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясының негізі 1960 жылы қаланған және беделді халықаралық ұйым, ол өз құрамына әлемнің 80 елінен 700-ден аса жаһанға танымал ғалымдарды жинаған. Элиталы ғылыми клуб құрамына сайлау байқау түрінде және тек бос орындар болған кезде ғана өткізіледі.
Академияның мүшелері құрамында көптеген мемлекет басшылары, танымал әлемдік қоғам қайраткерлері, Нобель сыйлығының иегерлері және танымал ғалымдар бар. Академияның ұраны оның негізін қалаушылардың бірі Альберт Энштейннің: «Жарату, біздің көзқарасымызша, ол адамзатқа берілген қарғыс емес, бата болуы керек» деген сөзінен көрініс тапқан. Сондықтан WAAS қызметі жаңа заманауи әлемді қалыптастыру мен жақсарту және бүгінгі жаһанданудың тұрақты дамуында жаңа идеялардың ұсынылуына зор мән беріліп отырған жалпыәлемдік мәселелердің тиімді шешу жолдарын табумен байланысты болып отыр.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
4 қараша, 2024
4 қараша, 2024