А.С. Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасына арналған интеллектуалды ойын
Шығыстану факультетінің студенттері арасында арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында А.С.Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасына арналған интеллектуалды ойын болып өтті. Аталмыш ойын биыл А.С.Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасына 190 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
А.С.Грибоедовтың «Горе от ума»– өлеңмен жазылған комедиясы өзінің авторын орыс әдебиетінің классигі еткен шығарма. Ол классицизм элементтері мен XIX ғасырдың бастапқы кезіне әлі де болса жаңа романтизм мен реализм бағытын үйлестірген шығарма. «Горе от ума» – XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы аристократтық мәскеулік қоғамға бағытталған батыл сатиралық комедиясы ретінде орыс драматургиясы мен поэзиясының шыңы ғана емес, шындығында «өлеңді комедияны» жанр тұрғысынан аяқтаған. Пьесадағы афористикалық стиль оның «цитата ретінде таралуына» үлкен жол ашқан.
Қызықты да тартымды ойынға құрамында 3 студенттен 5 топ қатысты. Интеллектуалды ойын нәтижесінде I дәрежелі Дипломды арабтану және ирантану кафедрасының араб бөлімі студенттері БайжомартЗ., ҚасымоваМ., ИсагуловаС. тобы алса, IIдәрежелі Дипломды түркітану және үндітану кафедрасының студенттері БазаркуловаА., Қодар А., СүлейменоваА., ал 3-ші орынды және III дәрежелі Дипломды қытайтану кафедрасының студенттері ЧурсинМ., ТенизбаеваА. және ТойбековаД. тобы иеленді.
Корейтану және жапонтану кафедрасының студенттері Ким В., Кадылова Д., Джакбаева З. және арабтану және ирантану кафедрасы парсы бөлімінің студенттері Мансұр Д. мен Мұхамбетқалиева А. ойынға қатысқан үшін Сертификаттармен марапатталды.
Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтарын алды.
Ойын барысында студенттермен қатар, мамандар және көрермендер ортасында бұл өшпес те әйгілі мұраға деген қызығушылық жақсы байқалды.