- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика жəне бизнес жоғары мектебінде жасыл экономиканы дамытуға арналған конференция өтті
Экономика жəне бизнес жоғары мектебінде жасыл экономиканы дамытуға арналған конференция өтті
Экономика жəне бизнес жоғары мектебінде «Tұрақты дамудың жаңа парадигмасы – «Жасыл экономиканы» қамтамасыз етудегі қаржы ресурстары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті.
«Жасыл» экономикаға өту бойынша тұжырымдама және «ЭКСПО-2017»-ні өткізу Қазақстанға ұлттық экономиканы қайта құрылымдауға, әртараптандыруға, таза технологияларды енгізуге, табиғи капиталды сақтауға ерекше мүмкіндік беріп отыр. Онымен бір мезгілде, бұл мүмкіндік «жасыл қағидаттарды» стратегиялық жоспарлау, салық салу және ұлттық статистика жүйесіне ықпалдастыру саласында жүйелі саясатты өткізу жағдайында іске асырыла алады. Осы орайда бүгінгі конференцияның мақсаты – ғалымдар және мамандармен «Жасыл экономикаға» өту мәселесін талқылау және Қазақстандағы оны дамытудың қаржылық механизмдерін жасау мен тиімді пайдаланудың ғылыми негізделген ұсыныстарын жасау болды. Конференцияға ТМД және алыс жақын шет елдердің және отандық жетекші ғалымдар мен мамандары шақырылды. Атап айтқанда, А.Трифилова (Ұлыбритания), К. Шамберт (Германия), Б. Стоянович (Сербия) және т.б. конференция жұмысына белсенді қатысты. Жаңа форматта өткізілген бұл конференцияда төрт сессия паралелльді сессия түрінде жұмыс жасады. «Жасыл экономиканы» дамытудағы инновациялық қаржы ресурстарының ролі;қалпына келетін ресурстардың есеп, аудит және талдау мәселелері; Қазақстандағы «жасыл экономиканың» дамуын тиімді басқару; жасыл экономика – қазақстан тұрақты дамуының жаңа векторы мәселелері төңірегінде келелі пікір алмасулар болды. Пленарлық отырыста сессия жетекшілерінің есебі тыңдалып, конференция резолюциялары қабылданды.
Экономика жəне бизнес жоғары мектебі