ҚазҰУ шаңырағына Ұлттық өнімділік орталығының өкілдері келді
12 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Бас хатшы және Басқару кеңесінің мүшесі Керім УНАЛ, басқару кеңесінің мүшесі Мехмет ЕРОГЛУ,«16-шы Бүкіләдемдік өнімділік конгресі» ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі Расим ЙЫЛМАЗ, халықаралық қатынастар департаментінің маманы Гюзде ДЖУДЖЕ бастаған Ұлттық өнімділік орталығының өкілдері (ҰӨО) болып қайтты.
Түркиядан келген қонақтарды ҚазҰУ басшылығынан университет проректоры Нұрлан Ыбырайым қарсы алды. Аталмыш бас қосу ТІКА (Түркия) агенттігінің ат салысуымен жүзеге асырылды. Кездесу барысында қонақтар ҰӨО-ның тарихы мен қызметі жөнінде айтып, 16-шыI Бүкіләлемдік өнімділік конгресі мен Еуропа өнімділік конференциясы - 2010 туралы толық ақпараттарды ұсынды. Сондай-ақ, Еуропалық одақтың бағдарламасы бойынша «Euroductivity: өнімділік жөніндегі электронды оқу бағдарламасын дайындау» халықаралық жобасының нәтижелерімен таныстырып, алдағы уақытта екі жақты қарым-қатынас орнату мәселесін тілге тиек етті.
- Біз ТІКА агенттігінің басшылығынан республиканың жетекші оқу орнымен кездесу ұйымдастыруды сұраған едік. Олар бірден әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін айтты. Түркі тілдес ел болғандықтан ара қатынасымыз білім жүйесі арқылы жалғасын табады деген үміттеміз. Өз тарапымыздан қазірден бастап университетпен байланыс орнатуды жөн санап отырмыз, - деді өз сөзінде Бас хатшы және Басқару кеңесінің мүшесі Керім УНАЛ. Сонымен қатар университеттің 75-жылдық мерейтойымен құттықтады.
Сондай-ақ қонақтар ҚазҰУ-дың беделді ғалымдарын қазіргі жаһандағы экономикалық дағдарыс мәселесіне қатысты өтетін бүкіләлемдік конгреске қатысуға шақырды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен мемелект қайраткерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, экономистер мен эксперттер қатысады деп күтілуде. Бүкіләлемдік өнімділік ғылыми конфедерациясының мүшесі (WCPS) және Ұлттық өнімділік орталықтарының еуропалық ассоциацияның мүшесі (EANPC) бола отырып, ҰӨО 2010 жылғы 2-5 қараша аралығында Анталияда (Туркия) 16-шы Бүкіләлемдік өнімділік конгресс пен Еуропа өнімділік конференциясы - 2010 шарасын өткізеді.
1965 жылы жылы құрылған Ұлттық өнімділік орталығы (ҰӨО) тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. ҰӨО өнімділік мәселелеріне, еңбек өнімділігі жөнінде ғылыми тұрғыда оқиғаларды бағалауға тікелей немесе жанама қатысы бар агенттіктерге, ұйымдар мен мекемелерге маман дайындау мен кеңес беру қызметін даярлауда техникалық қолдау беруді қамтамасыз етеді. ҰӨО қызметінің негізгі бағыттары - маман дайындау, зерттеу, кеңес беру, өнімділікті өлшеу, жарияланымдар және қоғаммен байланыс болып табылады. ҰӨО құрамындағы 18 мемлекеттің 16-ы түркі тілдес елдер.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі