Ынтымақтастық пен достыққа серпін берген іс-шара

4 желтоқсан, 2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2010 жылдан бері Ауғанстан Үкіметі мен Қазақстан Үкімет арасындағы ынтымақтастық білім беру саласындағы келісім негізінде білім алуға келген тыңдаушыларды оқытып келеді.

Екі ел арасындағы келсімге биыл 5 жыл толып отыр. Осыған орай жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға ҚР БжҒМ Болон үрдісі академиялық ұтқырлық орталығының Академиялық дәреже және біліктілікті тану басқармасының бастығы Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас Консулы, ҚР БжҒМ-нің өкілдері, «Ариана» қауымдастығының төрағасы және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ауғанстаннан келген студенттерді қазақстандық білім беру жүйесі мен әлеуметтік ортаға бейімдеу үдерісін дұрыс ұйымдастыруға қатысты Қазақстанның жоғары оқу орындарының негізгі қызмет бағыттарын айқындау.

Дөңгелек үстел шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық келісімге 5 жыл толуына орай Ауғанстаннан келген студенттер оқитын жоғары оқу орындарын Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінің Бас консулының марапаттау рәсімі өтті.

Жоғары оқу орнына дейінгі

дайындық кафедрасы