Балалар үйінде 135 шақты балалар тәрбиеленеді екен. Студенттер «Қайсар» және «Ұшқын» топтарымен кездесіп, түрлі сыйлықтар алып, жылы лебіздерін білдірді. №1 балалар үйі директорының орынбасары Г.Е. Исмагулова, сонымен қатар балалар үйінде қызмет атқаратын барлық тәрбиешілері алғыстарын білдірді. Студенттер осы жоба көлемінде балалар үйіне бару арқылы, балалардың тұрмыс барысын, оқу орнын көріп, өмірге деген жаңа бір танымның орнағандығын көкейлеріне құйып қайтты. Қайырымдылық бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Дана халқымыз: «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналуы тиіс.
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024