Мемлекеттік тіл және жастар

8 желтоқсан, 2014

Тартысты доданың бірінші орынын иеленген, Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультеті, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының төртінші курс студенті, «Алтын сапа» пікірсайыс клубының белді мүшесі Жауынбай Таңшолпан және Қарағанды қаласының 4-ші курс студенті «Бірлік» пікірсайыс клубының мүшесі Отарбай Абай есімді студенттерден құралған «Туған елім-қазағым» құрамасы иеленді. Бұл аталған құрама қараша айының 22-23-ші жұлдызында өткен Қарағанды қаласының әкімі кубогіне арналған ашық пікірсайыс турнирінде үшінші орынға қол жеткізген болатын. Финалдық ойын тікелей «Тілдерді дамыту басқармасының» басшылық құрамасының қатысуымен өтті. Екінші орынды Қарағанды қаласының жастарынан құралған, «Тілім менің – тірегім» құрамасы иеленді. Үшінші орын, Астаналық «Болашақ» құрамасының еншісіне бұйырды. Жастардың талпынысы мен белсенділігіне тәнті болған аға буындар барлығына жарқын болашақ пен сәтті қадамдар тілей отыра, марапаттау соңында естелік суреттерге түсумен аяқталды.