2014 жылы 9 желтоқсан күні сағат 15.00-16.00 аралығында түркітану және үндітану кафедрасының ұйымдастыруымен Түркі жазуының мейрамы өтті. Мейрамға түркітану және ирантану кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары белсене ат салысты. Студенттер көне түркі халықтарының өмірінен, шамандық салт-жоралардан үзінділерді көрсетіп, түркілердің биін билеп, әнін айтты.
Сонымен қатар, мейрамға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Филология факультетінің студенттері де қатысты.
Мейрамға Абдуали Қайдар, Өмірзақ Айтбаев, Жамал Манкеева сынды белгілі ғалымдар да қатысты.
Басқа жаңалықтар
1 қараша, 2024
31 қазан, 2024