ҚазҰУ-да «DAAD лекторатының» ашылу рәсімі болды

18 желтоқсан, 2014

Тәуелсіздік күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ DAAD қызметімен бірлесе отырып «Неміс ғылымының ақпараттық күні» атты шара өтті. Аталған іс-шара аясында «Германиядағы ғылыми зерттеулер» халықаралық семинары мен ҚазҰУ-дағы «DAAD лекторатының» ашылу рәсімі болды.

Лекторат, әлемге әйгілі Германдық академиялық алмасулар қызметінің 2014 жылы ашылған жаңа білім беру және ақпарат тарату орталығы болып табылады. Ол біздің университетімізде ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов пен DAAD-ның Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ бойынша бас бөлімінің (Бонн) басшысы Кай Франке бастамасымен ашылған болатын.

Шараға қатысқандардың арасында неміс жоғарғы оқу орындарының жобаларына қатысушы қазақстандық және германдық ғалымдар, осы бағдарлама ғылымға есік ашқан DAAD шәкірт ақыларының иегерлері (Alumni), магистранттар, докторанттар, дипломаттар мен Қазақстандағы германдық ұйымдардың өкілдері болды. Құттықтау сөз бен баяндаманы ФРГ Бас консулы Рената Шимкорайт ханым айтқан еді. Бұл оқиға Бас консулдың ҚазҰУ-ға алғаш рет келуіне себеп болып, оның университетпен танысуы зерттеушілер мен оқытушылардың арасында басталды.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы К. Шакиров пен Германдық зерттеулер орталығының директоры проф. М. Губайдуллина жиналған қонақтарға Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми жетістіктері туралы айтқан болатын. Олардың сөздерінің айқын дәлелі ретінде белгілі химик, Жану мәселелері институтының директоры З.А. Мансуровтың сөйлеген сөзін келтіруге болады.

DAAD қазақстандық бюросының басшысы Михаэль Яуманн мен бағдарламалар менеджері М. Батырбек ғалымдар мен студенттер үшін ашылып отырған жаңа мүмкіндіктер туралы жан-жақты презентацияны алға тартқан болатын. Ал «ExcellencePolyTech» Жоғарғы оқу орынан кейін білім берудің халықаралық институтының директоры, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры С. Айдарова, Қазақ-неміс университетінің проректоры, проф. Б. Лохман, Макс Планк атындағы коллоидтар мен тегістіктерді зерттеу институтының профессоры Р. Миллер және басқалар зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Бұл шара түрлі мамандықтарға жататын ғалымдардың бір алаңда бас қосуына жағдай жасады – химиктер, физиктер, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері, әулеметтік-гуманитарлық ғылымдардың өкілдері байланыс орнатып, болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктері анықталды.