ҚазҰУ ректоры ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

22 желтоқсан, 2014

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл награда елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.

«Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан осындай жоғары награда алу көпғасырлық жолмен жүріп келіп, тәуелсіздікке қол жеткізген елің үшін, өз халқың үшін үлкен мақтаныш.

Аз уақыттың ішінде біздің ел ауыспалы кезеңнің қиындықтарын бастан өткізіп, орталық-азия аумағында танымалы көшбасшы болып және саяси халықаралық аренада маңызды рөлге ие болып, есте қалатын жетістіктерге жетті. Сөзсіз мұнда Ұлт көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор.

Елбасының идеялары мен жоспарлары жоғары мектеп өкілдері арасынан, Қазақстан халықтарының арасында ыстық ықыласқа ие. «Елбасының ғылым мен білімнің дамуына деген ерекше қамқорлығы мен көңілін жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келген сапарынан сезіндік. Бұл ел ертеңі үшін еңбек етуге ынта-жігер береді, болашаққа деген сенімді арттырып, ұжымды жаңа жетістіктерге жетелейді», - деді Ғалым Мұтанұлы.

Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың бірнеше ғалымдары мемлекеттік наградаларға ие болды: Төлеген Қожамқұлов ҚазҰУ ректорының кеңесшісі (ІІ дәрежелі «Барыс» ордені), Құралай Аққошқарова жоғары оқу орына дейінгі дайындық кафедрасының еңбек сіңірген меңгерушісі («ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы), Михаил Наурызбаев физика-химиялық зерттеулер және талдау орталығының директоры және Рима Жансараева қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасының меңгерушісі («Құрмет» ордені), Уахит Шалекенов профессор («Парасат» ордені), Наухан Асанов жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі («Ерен еңбегі үшін» медалі).

ҚазҰУ ұжымы баршаңызды жоғары марапаттарыңызбен құттықтайды!