Үндістан республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайн мырзамен кездесу өтті.

24 желтоқсан, 2014

2014 жылы 23 желтоқсанда сағат 10.30 – 12.00 аралығында шығыстану факультеті түркітану және үндітану кафедрасының ұйымдастыруымен Үндістан республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайн мырзамен және Үндістан Республикасының Бас Консулы Навин Кумар мырзамен кездесу өтті.

Кездесуге факультет оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында қонақтар Шығыстану факультеті бойынша экскурсия жасап, Шығыс музейі және факультет орталықтары, арнайы аудиториялармен танысты. Сонымен қатар, Түркітану және үндітану кафедрасының доценті, PhD доктор Досова С.Н. «Шығыстану факультетінің Үндістан Республикасының Қазақстандағы елшілігі және мәдени орталығымен қарым-қатынасы, Үндістан университеттерімен ынтымақтастық және басқа да мәселелер мен оларды шешудің жолдары» атты баяндама жасады.