Шатақ дінге шырмалма!

2 қаңтар, 2015

26 желтоқсан күні «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында еліміздегі белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы ғалым Қайрат Затовпен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының «Жаңа жібек жолы» үйірмесінің ұйытқы болуымен «Отаншылдық және діни қауіп-қатерлер» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуде соңғы кезде жастарды жиі мазалап жүрген діни тақырыптар жөнінде ғалым кеңінен түсініктер берді. «Жиһад» термиінінің мағнасы жан-жақты түсіндіріліп, Ислам дінінің бейбітшілікке, тыныштыққа, мейрімділікке, төзімділікке бастайтын болмысы ашықталды. Жастарға еліміздің болашағын көкірегі ояу, көзі ашық, оқыған, білімді де парасатты, иманды да отаншыл жастар айқындайтынына баса назар аудартты. Сонымен бірге студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарын ғалымға қойды. Кеңінен көсілген ғалым барлық сұрақтарға толық жауап берді. Демек бұл кездесуден студенттер, ел үшін еңбек ететін, өздері үшін аянбай оқитын күш-жігер алды. Сонымен бірге ішкі әлемдері кеңіп көз аясы ашылғандарын байқатты. Кездесуге мұрындық болған аталған үйірменің жетекшісі Сапанов Сейфулла мен Абдурақын Нұрқалықтар да сөз сөйлеп, жастарға маңызы бар тәрбие берді.