Хабарландыру!

15 қаңтар, 2015

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2015-жылдың 29-30-мамырда

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде

«XVІІІ АХАНОВ ОҚУЛАРЫ» аясында өтетін

«ТІЛ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ: УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияҒА

қатысуға шақырамыз

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Тіл модернизациясы: ішкі құрылым
  2. Тіл модернизациясы және қоғам модернизациясы
  3. Тіл модернизациясы және тіл үйретудегі жаңа технологиялар
  4. Тіл модернизациясы және оның лексикографиялық дереккөздердегі көрінісі

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін автор материалдың электрондық нұсқасын (5 беттен аспауы тиіс, Tіmes New Roman шрифт, 14 кегль) жіберуі тиіс, басқа қаріптер қабылданбайды.

МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Мақала атауын ортаға (бас әріптермен, 14 кегльмен).
  2. Бір жолдан кейін, ортасына автордың аты-жөні (12 кегльмен).
  3. Тегінің астына жақшаның ішіне: сіздің жұмыс істейтін мекеме, қала, мемлекет аты (12 кегльмен).

4.Оның астына – e-mail (10 кегльмен).

5.Оның астына мақала жазылған тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде мақала түйіні беріледі (11 кегльмен).

6. Тірек сөздер орыс және ағылшын тілдерінде беріледі (5 сөзден аспауы керек, 10 кегльмен).

6.Өлшемдер: үсті және асты, оң жағы және сол жағы – 20 мм, кітапша секілді.

7.Жоларалық интервал – 1.0.

8. Мақаланың көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

9.Әдебиет тізімі төмендегідей безендіріледі:

1. .Аханов К.А. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Санат, 1993. - 391 б.

2. Сүлейменова Э.Д., Мадиева Г.Б., Шаймерденова Н.Ж., Авакова Р.А. Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1998. - 540 б.

Мәтін ішіндегі сілтемелер былай көрсетіледі: [1: 23], 1 – зерттеушінің аты-жөні, 23 – беті; зерттеуші аты-жөні көрсетіліп тұрған сан мен бет санының арасына қос нүкте қойылады.

Ұйымдастыру алқасы тек талап бойынша өнделген материалдарды жариялайтындығын ескертеді.

Конференцияға қатысушының сауалнамасы

«ТІЛ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ: УАҚЫТ ТАЛАБЫ» атты

XVІІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға

ТІРКЕЛУ ҮЛГІСІ:

Аты-жөні (толықтай жазылуы керек)

Жұмыс орны

Қызметі

Ғылыми дәрежесі

Бағыты

Баяндама тақырыбы

Қажетті техникалық құралдар (атауын көрсетіп қойыңыз)

Мемлекет

Қала

Оқу орны, кафедра аты

Электрондық пошта

e-mail

Байланыс телефоны, факс

Қонақ үй қажеттілігі (иә/жоқ), мерзімі

Төленгені жайында түбіртек көшірмесін e-mail арқылы жіберуі тиіс

Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен баяндаманың мәтіні (электронды және қағаз түрінде) 2015-жылдың 20 наурызға дейін ұйымдастыру алқасының электрондық поштасына немесе көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы. 317, 305а дәрісханалар. Электрондық пошталар: danel.karagoish@mail.ru .

Байланыс телефондары: 8(7272) 377-33-39, 377-33-37 (13-29)

Конференцияның ұйымдастыру жарнасы – 4000 теңге, шетел азаматтары үшін – 40 доллар.

Ұйымдастыру жарнасын тек пошталық аудару арқылы мына мекенжайға жіберу керек: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы 305 дәрісханасына – Карагойшиева Данель Алмасбековна.

Төленгені жайлы түбіртек көшірмесін мына мекенжайға жіберулеріңіз керек: danel.karagoish@mail.ru.

Материалдың баспадан шығуы конференцияға дейін жоспарланған. Материалды авторға жіберу жағы ұйымдастыру жарнасының сомасына кірмейді.

Конференцияға қатысу шығындары қатысушы жақтың өз есебінен төленеді.

Ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз: ақпараттық хатта қойылған талаптар сақталмаса, материал қабылданбайды.

Өтетін орны: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті.

Тіркеу уақыты: 29-мамыр 2015 ж. сағат 9.00.

Жауапты хатшылар: Карагойшиева Данель Алмасбековна danel.karagoish@mail.ru, Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызы bektemirova_s77@mail.ru, (317 каб.), 8(3272) 377-33-39, 377-33-37(13-29, 12-70).