«Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтеді

20 қаңтар, 2015

2015 жылдың 23-24 қаңтарында сағ. 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым,білімберу және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтеді.

Конференцияда білім беру, ғылым, бизнес интеграциясы үдерісімен және тоғыстырылған білім беру бағдарламалары аясында академиялық қауымдастық пен индустрия потенциалын жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланады.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүреді:

- Білім беру мен ғылымның тоғыстырылған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру: тәжірибесі және болашағы;

- Түлектің құзыреттілік үлгісіндегі бизнеспен сабақтастырылған білім беру бағдарламалары;

- Ғылым мен бизнес интеграциясы аясында білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері;

Сонымен қатар, конференция аясында «Халықаралық G-Global жобасындағы Қазақстанның жоғары оқу орындары «G-Global – EXPO – 2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысында» және «Білім беру үдерісінің ақпараттандырылуы» атты дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда.

Конференцияға 700-ден астам университеттің профессорлары, доценттері, оқытушылары, ұлттық жоғары оқу орындарының проректорлары, ұлттықкәсіпкерлер палатасының өкілдері, жұмыс берушілер және «Ғылым ордасының» ғалымдары қатысады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы.