- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да "Қазақстандағы еңбек көші-қоны мәселелерінің БАҚ-тағы көрінісі" тақырыбы талқыланады
ҚазҰУ-да "Қазақстандағы еңбек көші-қоны мәселелерінің БАҚ-тағы көрінісі" тақырыбы талқыланады
2015 жылғы 30 қаңтарда сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымымен (БҰҰ Әйелдер) бірлесе ұйымдастырылып отырған «Еңбек көші-қоны мәселелерін адам құқы мен гендерлік аспектілерді сақтай отырып БАҚ-та жариялау (Орта Азия елдері мысалында)» атты дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел аясында «Қазақстандағы еңбек көші-қоны мәселелерінің БАҚ-тағы көрінісі» оқу құралының тұсаукесері және көші-қон тақырыбы бойынша студенттер арасында жарияланған ең үздік эссе, теле, радио сюжеттер конкурсының қорытындысы айтылады.
Дөңгелек үстелді журналистика факультеті мен БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы (БҰҰ Әйелдер) бірлесе ұйымдастырып отыр.