Студенттер балаларға көңілді кеш ұйымдастырды

27 қаңтар, 2015

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында халықаралық құқық кафедрасының 3 курс студенттері, эдвайзер Б.А. Амандосұлы, Г.У. Ахметалиева, Ж.С. Жунисов «SOS Алматы Балалар ауылында» «Бала-өмір шуағы» атты тақырыпта іс-шара өткізді.

«SOS Алматы Балалар ауылы» жетім және қамқорлықсыз қалған балаларды тәрбиелейтін балалар мекемесі. Бұл іс-шараның басты мақсаты балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, оларға әлеуметтік, рухани қолдау көрсету.

Балалардың көпшілігі музыкалық, спорттық, өнер мектептері, студия, әртүрлі клубтарға, сондай-ақ, Оқушылар сарайына, мәдени мекемелерге барып тұрады. Әр жылы Балалар ауылының түлектері 16 жасқа толғанда ары қарай Жастар үйіне өтеді. «Бала-өмір шуағы» атты қайырымдылық іс-шара аясында «Көңілді старт» деп аталатын 4 этаптан тұратын эстафета ұйымдастырылды. «Қырықаяқ», «Суретшілер», «Мумия» және «Кенгуру» ойыны ойналды.

Халықаралық құқық кафедрасы