ҚазҰУ-да Жастар саясаты басқармасының басшысы М.К. Ахметовпен кездесу өтеді

2 ақпан, 2015

2015 жылдың 3 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы М.К. Ахметов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылар ұжымы және студенттерімен кездесу өткізеді.


Кездесу Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын Бостандық ауданына насихаттау мақсатында ұйымдастырылмақ. Шараға ҚазҰУ-дың профессор-оқытушы құрамы мен студенттері қатысады деп күтілуде. Кездесу химия және химиялық технологиялар факультетінде (қызыл залда) өткізіледі.