Жаңа сөздіктің тұсаукесері өтеді
3 ақпан, 2015
11 ақпан 2015 ж. сағ. 13.30-де әл-Фараби кітапханасында, жаратылыстану факультеттеріндегі шет тілі кафедрасының аға оқытушысы К.А. Жиреншинаның «География терминдерінің қысқаша немісше-орысша-қазақша СӨЗДІГІ» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Сөздікке география, метеорология, туризм, гидрология саласында, географиялық оқулықтарда, өндірісте және ғылыми әдебиеттерде пайдаланылып жүрген 12 мыңға тарта терминдік сөздер мен сөз тіркестері енді.
Мұнда терминдер мен терминдік сөздер тіркестеріне қысқаша түсіндірме берілді. Анықтама сөздік жоғары оқу орындарының студенттеріне және география саласының мамандарына арналған.
Ұйымдастырушылар: «Қазақ университеті» баспа үйі
Өтетін орны: әл-Фараби кітапханасы, 2-қабат,
Ғалымдар клубы
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024