ҚазҰУ-да лингвистика мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми форум өтеді
2015 жылдың 2-сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде профессор Э.Д.Сүлейменованың 70жылдық мерейтойы мен ғылыми-педагогикалық қызметінің 45жылдығына арналған «Лингвистикалық мұра және жаңа заман үрдісі: тіл, әдебиет, мәдениет» атты халықаралық ғылыми форум өтеді.
Халықаралық форумда «Лингвистика: дәстүрлер және жаңа үрдістер», «Тіл: теория және әдістеме», «Гуманитарлық білім жүйесіндегі тіл және әдебиет», сонымен қатар «Тіл және мәдениет символдары» атты тақырыптар талқыланбақ.
Форум жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Қатысу үшін тапсырыс өтініміне электронды нұсқадағы мақалаңызды тіркеп (Мақала көлемі 5бетке дейін) және (Times New Roman, 14-кегль) форматында жазылуы тиіс (басқа нұсқалар қабылданбайды). Жұмыстар 2015 жылдың 25 ақпанына дейін қабылданады.
МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУ ШАРТТАРЫ.doc
Жалпы тіл білімі және шетел
филологиясы кафедрасы