- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Климат өзгерісінің су ресурстарына әсері» тақырыбында халықаралық онлайн семинар өткізілді
«Климат өзгерісінің су ресурстарына әсері» тақырыбында халықаралық онлайн семинар өткізілді
ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті Темпус I-WEB «Integrating Water cycle management: building capability, capacity and impact in Education and Business» және «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» жобалары аясында «Климат өзгерісінің су ресурстарына әсері» тақырыбында халықаралық онлайн семинар өткізді.
Оған Лейпциг университетінің (Германия), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Х.А. Яссауи атындағы ҚТХУ-дың, Ш. Уалиханов атындағы КМУ-дың ғалымдары докторанттар және магистранттар қатысты.
Семинарда келесідей өзекті мәселелерге: жердің климаттың өзгерісі (климаттың өзгерісі бойынша Үкіметаралық эксперттер тобының және басқа эксперттер тобының мәліметтері негізінде), ҚР, ОАР, Еуропа және басқа мемлекеттерде климаттық көрсеткіштердің өзгеруінің заманауи үрдісі, ҚР, ОАР, Еуропа және басқа мемлекеттерде болашақта климат өзгерісінің болжамы, Климат өзгерісінің су ресурстарына әсері, Мұздықтар мен өзен ағындарына климат өзгерісінің әсері, Су ресурстары аясында климаттың өзгерістеріне бейімделудің іс-шаралары мен саясатына байланысты сұрақтар қарастырылды.
География және табиғатты пайдалану факультеті