- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен келесі ғалымдарды марапаттады:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен келесі ғалымдарды марапаттады:
Экология мәселелері Ғылыми-зерттеу институтының 20 жылдығы қарсаңына Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен келесі ғалымдарды марапаттады:
1. Биғалиев Айтқажа Биғалиұлы – экология мәселелері ҒЗИ негізін салушы, бірінші директоры және экология, қоршаған ортаның мутагенезі, радиациялық генетика және цитогенетика ғылымдарының ірі ғалымы.
2. Жұбанова Ажар Ахметқызы – экологиялық биотехнология және нанобиотехнология ғылымдар саласындағы белгілі ғалым.
3. Шалахметова Тамара Минажқызы – клеткалық биология және экология ғылымдар саласындағы ірі ғалым.
4. Сальников Виталий Григорийұлы – қоршаған орта сапасын басқару, климаттық өзгерістер және экологиялық тәуекелдер салаларындағы жетекші маман.
Сонымен қатар, климаттық өзгерістер, ұзақмерзімді ауа райы болжамдары және атмосфераның жалпы айналымының ерекшеліктері салаларының маманы Турулина Галина Константинқызы Қазақстан Республикасының білімін дамытуда қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.