«Бүгінгі күнде достық бар ма?» атты тақырыпта пікір талас

13 ақпан, 2015

2014 жылдың 5 желтоқсанында орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры Ж.Х, Салханова, доцент С.К. Сансызбаева, доцент А.И. Ахметжанованың ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Айналаңды нұрландыр» қозғалысы аясында «Бүгінгі күнде достық бар ма?» атты тақырыпта пікір алмасу шарасын ұйымдастырды. Шараға заң факультетінің 2 курс студенттері қатысты.

Пікір алмасу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң ректоры «Айналаңды нұрландыр» қозғалысы жөніндегі ұсынысына қысқаша шолу жасаудан басталды. Аталмыш жобаның басты мақсаты университеттің тәрбие ісі процесіне адамгершілік, толеранттылық, рухани білім беру және дамыту мәселелерін енгізу болып табылады. Осы мәселені оқытушылар «Культура речи и языковая коммуникация» дәрісі кезінде әрдайым сөз етеді.

Студенттер 2 топқа бөлініп жұмыс жасады. Пікір талас барысында әр топтың дәлелдеуге тиісті өз позициясы болды: бір топтың тезисі «Бүгінгі күні достық қажет әрі достасу мүмкін!», ал екінші топ тезис ретінде «Бүгінгі прагматикалық өмірде шынайы достыққа орын жоқ!» атты тақырыпты алды. Студенттер ауызша жалпы хабарлама дайындап, аппоненттер тобының дәйек-дәлелдеріне қарсы пайдалануға ұмтылды. Студенттер нақты дәлелдер мен дәйектерін толенрантты және сыпайы формада ұсынуға тырысты. Осындай оңтайлы жағдайда студенттер шешендік өнердің қыр сырын меңгеріп, халық алдында сөйлеу мәдениетіне үйренуге мүмкіндік алды.