Үлкен жол алғашқы қадамнан басталады
Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Е.Б. Чекина, Р.С Туребекова, Г.Б. Айнабекова, Е.Е. Хайрушевалардың атсалысуымен биология және биотехнология факультетінде биология мен биотехнологияның өзекті мәселелеріне арналған «Биология және өмір» атты орыс тілінде студенттердің ғылыми конференциясы ұйымдастырылды. Бұл конференцияны «Профессионально ориентированный русский язык» курсы кезіндегі студенттер мен оқытушылардың біріге атқарған еңбектерінің жалғасы мен нәтижесі деп есептеуге тұрарлық.
Конференция 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде 12 топ ішінен іріктеліп шыққан 17 студент 2014 жылдың 22 қарашада факультетте өткен конференцияда баяндама жасады.
Баяндамалар тақырыбы әр қилы болы: «Адамның пайда болу теориясы», «Арал аймағындағы апластикалық анемия», «Ұлттық биотехнология орталығы: болашақ пен ғылыми зерттеулер», «Биогаз – 21 ғасырдың биологиялық жылу көзі», «Лейкимия: түрлері, емделуі және алдыналуы», «Анарексия – психикалық ауру түрі ретінде» және т.б.
Жеңімпаздарды анықтау мақсатында студенттік қазылар алқасы құрылды.
Биология және биотехнология факультетінде өткізілген «Биология және өмір» атты конференция жеңімпаздары:
I орын – Ахмет Салиха.
II орын – Абдыхалык Алима және Дуйсенгалиева Тумар.
III орын – Маханбетова Назгуль және Олжабаева Жанна.
Көрермен көзайымы атағын иеленген - Тулебаева Дәмелі. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.