ҚазҰУ-да халықаралық жобаны таныстырды

14 ақпан, 2015

Халықаралық «Орталық Азияның суармалы жерлерін тиімді пайдалануды сапалы жоспарлау механизміне қолдау жасау» атты "Volkswagen Stiftung" (Германия) және Экология мәселелері ғылыми- зерттеу институтының халықаралық жобасы аясында ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде жобаға қатысушылармен кездесу өткізілді.

Кездесуге география және табиғатты пайдалану факультетінің, Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, Julius Maximilians Universitat Wurzburg, сонымен қатар KRASS (SIC ICWC) компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жобаның жұмыс жоспарын ұсыну және талқылау, докторанттардың (PhD) зерттеу жобалары бойынша бағдарламаларын таныстыру және Орталық Азия және басқа елдерде жердің шөлденуімен күресу, су және жер ресурстарын тиімді басқару бойынша жиналған тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу.

Жуық арада мақсатты бағдарламамен қамтамасыз ету, географиялық ақпарат жүйелерін оқыту, жердің өнімділігі мен оның шөлдену процестерін бағалау үшін қашықтықты зондтауды оқыту болып табылатын тренинг өткізу жоспарланады.

Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты