«Ирак және Шам ислам мемлекеті ұйымы-ислам дінінің жаңа радикалды көрінісі ретінде» атты, тәрбие сағаты

15 ақпан, 2015

2015 жылдың 6 ақпанында Таяу және Ота шығыс кафедрасында «Айналаңды нұландыр» атты әлеуметтік-инновциялық жоба аясында кафедра доценті Таджикова К.Х бастамасымен «Ирак және Шам ислам мемлекеті ұйымы-ислам дінінің жаңа радикалды көрінісі ретінде» атты, тәрбие сағаты өтті.

Таджикова К.Х қазіргі таңда таяу шығыстағы орын алып отырған саясижағдай жайлы сөз козғады. Атап айтқанда Сирия және Иран аясында туып отырған пролемалардың мән жайын және осы дағдарытағы «Ирак және Шам ислам мемлекеті ұйымының рөлін айқындады» түсіндірді.

Өз сөзінде кафедра доценты мұндай ұйымдардың тарихта орын алып отырған алғашқы ұйым емес екенін және осындай тәрідес ұйымдардың болғанын айқындап кетті. Әдетте мұндай ұйымдардың түпкі тамыры саясатта жатыр, ал ислам діні тек өз мақсаттарына жету үшін оны қалқан етіп алатындығын айтты.

Мұндай ұйымдардың негізі тәсілі сонау тарих қойнауынан белгілі-терроризм және зорлық-зомбылық әрекеттер.

Мұндай іс-шараның өтуіндегі маңыздылық соңғы кездері бұл ұйымның өз қатарларына адамдары шақырудағы белсенділігіне байланысты болып отыр.

Сонымен қатар іс-шарада студенттер алдында кафедраның 1 курс магистранты Амраев Дильшат өз баяндамасымен шықты. Ол «Ислам мемлекеті» ұйымының негізгі шығу себептері жайлы мазмұнды баяндама жасады.

Студенттер болса өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып қанағаттандырарлық жауаптарын алып кетті.