Оқу мен өндірісті байланыстыру

15 ақпан, 2015

Бүгінгі таңдағы білім саласында, университетімізде, факультетімізде үлкен көңіл бөлініп, күш салып отырған тағы бір мәселе оқуды өндіріспен байланыстыру болып отыр. Бұл мәселеге қатысты қытайтану кафедрасы осы оқу жылында өндіріс саласында жетістіктерге жеткен біраз жұмыс беруші мекемелермен байланысып, олардың студенттерге келіп тәжірибесімен бөлісу мақсатында курстар ұйымдастырып отыр. Бүгін сондай курстардың бірі, атап айтсақ, «Kelu-Kazfarm ЖШС» компаниясының бас директоры Сламұлы Мерей «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ БИЗНЕСІ: БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ПРАКТИКАСЫ» атты қытайтану кафедрасының 3 курс студенттеріне курс бастады.

Курс тек қана студенттердің ғана емес оқытушылардың да қызығушылығын туғызды. Бүгінгі лекцияда екі мемлекет арасындағы кәсіпорындарды құруда неден бастау керек екені, қандай қиыншылықтар болуы мүмкін және оларды шешудің жолдары айтылды. Курс осы семестрде 72 сағаттық дәріс ретінде жалғасады.