ҚазҰУ және Цукуба Университеті "Кампустағы кампус бастамасы" меморандумына қол қойды

16 ақпан, 2015

Жапонияда (Токио қ.) «Жаһандану кезеңіндегі университеттер рөлі: жаңа бағыттарды іздестіру» атты халықаралық симпозиумында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры академик Ғалым Мұтанов Қазақстанның алдыңғы қатарлы университетінің интернационализациялану тәжірибесін ұсынды.


Посткеңестік кеңістік елдерінің 11 жоғары оқу орындарымен қатар ҚазҰУ Цукуба университетінің «Жапония, ТМД және Балтық елдеріндегі мультилингвистикалық жүйе бойынша экономикалық және ғылыми салада мамандарды даярлауға арналған глобалды оқу бағдарламасы» атты гранттық жобасы шеңберіндегі іс-шараға қатысты.

Шарада Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті Елшісі Камалдинов Ақылбек, сонымен бірге Ресей, Өзбекстан және Беларусияның елшілері құттықтау сөз сөйледі. Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және техника Министрлігінің жоғарғы білім департаменті және Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаменті тарапынан симпозиум қатысушыларына құттықтау сөздер жолданды.

ҚазҰУ және Цукуба университетінің ректорлары Ғалым Мутанов және Нагата Кесукэмен ынтымақтастық туралы «Кампустағы кампус бастамасы» меморандумына қол қойылуы Іс-сапардың негізгі оқиғасы болды. Құжатқа сәйкес әрбір университет серіктес университетке зерттеу және оқу ресурстарымен алмасу мақсатында өзінің кампусын ұсынады. Алдыңғы уақыттағы бес жылдық мерзімге қойылған келісім-шарт екі жоғары оқу орнының ғылым және білім беру базасын мамандарды даярлауда және ортақ жобаларды жүзеге асыруда қолдануға мүмкіндік береді.

Кездесуде тараптар сонымен бірге ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жанында Жапония және Орталық Азияны зерттеу бойынша орталық ашу ниетін білдірді.

Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы