«Спорттық күрестің теориясы мен әдістемесі» атты кітаптың тұсаукесері өтеді
2015 жылдың 19 ақпанында сағ. 10:30 ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби» кітапханасында (Ғалымдар клубы, 2-қабат) дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Елемес Алимхановтың «Спорттық күрестің теориясы мен әдістемесі» атты оқу құралының тұсаукесері өтеді.
Оқу құралында спорттық күрес түрлерi грек-рим, еркін, дзюдо, самбо, қазақ күрестері бойынша теориялық, әдiстемелiк және тәжірибелік сұрақтар қамтылған. Күрес түрлері бойынша теориялық, оқыту-үйрету әдiстемелерi, жаттықтыру жолдары, спорттық күрестердiң әдiс-тәсілдерін үйрету, балуан шеберлiгiн жетілдіру, жоғары спорттық шеберлік кезеңдері, инновациялық жаңалықтарды енгізу, спорттық күрес физиологиясы, психологиясы, педагогикасы, спорттық күрестерде әйел адамдарды жаттықтыру ерекшеліктері, жарысқа дайындау, қатысу тәсiлдерi мен әдістемелері берілген. Оқу құралы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған мемлекеттік оқу стандарты мен типтiк оқу жоспарлары талаптары бойынша жасалған.
Оқу құралы «Дене тәрбиесi және спорт» мамандығы бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, сондай-ақ оқытушы ұстаздарға және жаттықтырушыларға арналған.
Ұйымдастырушы: «Қазақ университеті» баспа үйі.