Мемлекеттік білім стандарттарының жалпыға ортақтығы

26 қараша, 2009

19 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстанның жетекші ЖОО проректорларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясының кезекті мәжілісі өтті.

Кезекті отырыстың негізгі тақырыбында Мемлекеттік білім стандарттарының жалпыға ортақтығы, әрі оның халықаралық және отандық еңбек нарығының талаптарына жауап беруі болды.

Қазақстан экономикасы мен адамдық фактордың дамуы білікті мамандарды дайындауда мемлекеттік білім стандарттарының жалпыға ортақ ұстанымдарынан бастау алады. Сондықтан оның дамуына үлкен мән беріліп, дамытылады.

Алғы сөзінде проректор Г.К. Ахметова оның бірнеше кезеңнен өткендігін мәлімдеді (1996, 2001, 2002, 20004, 2006, 2008, 2009 жж.). Сондай-ақ ол Қазақстан экономикасына қойылатын талаптарға сай өзгеріп отыратындығын атап өтті. Тіпті ҚазҰУ-дың мерейтойында Елбасы оқыған дәрісінен Қазақстан жоғары білім беру жүйесінде айтарлықтай жетістіктерге жету үшін аталмыш жұмыстың маңыздылығын айтты.

Еңбек нарығының интернационалдығы, жалпыға бірдей білім кеңістігінің қалыптасуы, ақпараттардың көбеюі оқу бағдарламаларының әдістемелік жобалары өзгергеніне байланысты.

Отырысқа отандық жоғары оқу орындарының 20 проректоры қатысты. Тұран Университетінің проректоры А. Аруповтың баяндамасы ЖОО оқу бағдарламасының сапасын арттыру жолдары мен қазіргі еңбек нарығының талаптарына арналды. РОӘК отырысының төрайымы Т. Шалахметова республикалық еңбек нарығының сұранысы бойынша биолог-мамандарды дайындау жөнінде баяндама оқыды. Соның ішінде отандық еңбек нарығындағы экономика саласының мамандарына қойылатын талаптарға мемлекеттік білім стандарттары қаншалықты сәйкес келетіндігін зерттеді. Ал жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері жөнінде Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дың проректоры Ш.Р. Әбділманова баяндама жасады.

Қазақстандық сарапшыларға шетелдік ғалымдардың жинақтаған тәжірибелері қызық болды. Ханьян университетінің профессоры Чанг Бенг Сунн университеттің білім беру бағдарламасының маңыздылығы мен Оңтүстік Кореядағы еңбек нарығы туралы айтып берді. Ал Техас университетінің еңбек нарығы жөнінде профессор Р.Т. Омаров арнайы баяндама жасады.

Мәжіліс барысында ЖОО-ға арналған бірқатар ұсыныстар жасалды. Олар негізінде ЖОО-ға қазақстандық және аймақтық еңбек нарығына қажетті мамандарды анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу; оқу орындары мен жұмыс берушілердің ара қатынасын нығайту, әрі жақсарту; оқу бағдарламаларына жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыру, т.б. жұмыстарды қамтыды.

Кәсіби білікті мамандарды дайындауда ЖОО өкілдері ҚР Білім және ғылым министрлігінен әр университеттің жеке дербес мемлекеттік білім стандарттарының жалпыға ортақ жүйесін жасауға мүмкіндік беруін сұрады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі