
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, жалпы және этниқалық педагогика кафедрасының «Үміт сәулесі» волонтерлар клубы 2014 жылы 6 қараша күні сағат 18.00-де в № 9 студенттер үйінде «Волонтерлыққа қабылдау» салтанатты кешін өткізді. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері ойын-сауықпен ұштасатын негізгі бөлімнен тұратын мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.
Сондай-ақ, студенттер өздерінің волонтерлық қызмет туралы ойларымен, жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қатысқан іс-шаралары жайында баяндап берді. Кеште би жарыстары мен ойындар жүргізіліп, қыздар көрермендерге тамаша билерін тарту етті. Бүкіл кеш барысында өткізілген бағдарламаға риза болған студенттердің жарқын күлкісі мен қошаметтері естілді.
Басқа жаңалықтар

