Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдеріснде тәуекел топтарындағы балалардың әлеуметтік интеллектісін дамыту жұмысы

17 ақпан, 2015

2014 жылдың 5-10 қарашасында ҚазҰУ және философия және саясаттану факультеті Біліктілікті арттыру институтымен бірлесе жалпы және этникалық педагогика кафедрасы Алматы қаласы №45 мектепте мұғалімдер үшін арнайы біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Курстың атауы "Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жасау үшін әлеуметтік интеллекті дамыту".

Дәріс пен шебер-сыныптарда дәріскер және тренер ретінде п.ғ.к., проф. В.Т. Тихомирова, психол.ғ.д., проф. З.Б. Мадалиева, п.ғ.д., проф.м.а. А.К. Мынбаева, п.ғ.д., доц. З.М. Садвакасова болды. Кешкі мектеп мұғалімі Е.И. Политикова белсенді ұйымдастырушы ретінде өзін таныта білді.

Жалпы 20 мұғалім қатысты. Мұғалімдермен жұмыс интерактивті режимде жүргізілді, тыңдаушылар тренингтегі тапсырмаларды креативті және кәсіби тұрғыдан орындады, оқушылардың тәрбиесі туралы заманауи мәселелер белсенді талқыланды. Соңында БАИ сертификаттар тапсырады.