"Мерейлі жас отбасы" байқауы өтті

18 ақпан, 2015

"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында философия, саясаттану факультетінде факультет деканының қолдауымен "Мерейлі жас отбасы" атты докторанттар мен магистранттар арасында қызықты да, тартысты байқау өтті. Байқауда факультет кафедралары арасында үздік шыққан үш жас отбасы мағынасы зор сайыста бақ сынасты.


Байқаудың байыпты да, салмақты, көсемсөзді шешен жүргізушісі Дамир Әбеновтің хабарлауымен арнайы ортаға шақырылған факультет деканы Әлия Масалимова сайыс жайындағы ақпаратты кеңінен тарқатып, сайысқа қатысушыларды бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып, сайыскерлерге сәттілігін тіледі.

Сайысқа қатысушыларға бірнеше этикалық талаптар қойылуымен қатар, олар төрт бірдей бөлімде өздерін барлық қырларынан танытуға жол бастады. Жарысқа әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану мамандығының 1-курс магистранты Анар Елшібекова мен Нұрмұханбет Балжанбаев, әлеуметтану мамандығының магистранты Алмас Жалғасұлы мен Фариза Көшербай және үшінші топта 1-курс магистранты Алтын Айниязова мен Бауыржан Орда қатысып, көрерменге алғашқы бөлімде өздерін арнайы таныстырды. Таныстыру бөлімінде бірі слайдтық бейне әзірленім жасаса, енді бірі бейне сюжет, келесі бірі сахналық өнер көрсетті. Бейне сюжеттердегі отбасының құндылықтары, қазіргі жас отбасы өмірі мен оның басты байлығы баланың, болашақ ел тізгінін ұстар кішкене бүлдіршіндердің әсерлі эпизодтары көрерменге ерекше әсер етіп, отбасы бақытын паш еткендей болды.

Байқау үздік жас жанұяны анықтап қана қоймай, ол жүректерде отбасы ұғымына түсінік беріп, олардың мағынасын айқындап, өзіндік тұжырым беретін келелі шара болғаны жасырын емес. Оны қорытынды сөз алған қазылар алқасы да бірауыздан түсіндіріп өтті. Сонымен, сайыста бірінші топқа А.Елшібекова мен Н.Балжанбаевқа "Шебер отбасы" номинациясы, екінші топ мүшелері А.Жалғасұлы мен Ф.Көшербайға "Өнерлі, шығармашыл отбасы" номинациясы, ал үшінші топ А.Айниязова мен Б.Ордаға "Көңілді отбасы" номинациясы берлді. Және қазылар алқасының бағалауының қорытындысымен үшінші топтағы өнерлі жұп А.Айниязова мен Б. Орда байқаудың басты "Ең үздік отбасы" номицнасының жеңімпазы атанды.