«Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері»
Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының доценттері Г.А.Машимбаева, Ж.Т.Сайрамбаева, А.Ж.Тусупова және З.М.Баймағамбетова ұйымдастыруымен ағымдағы оқу жылдың 17-қарашада «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына Алматы қаласы Орталық мешітінің имамы Иминов Нұрмұхаммед Зибибуллаұлы, «Қазақстанның православие шіркеуі қоғамының» Шіркеу қарым-қатынастары бөлімінің төрағасы Суворов Протойерей Александр және Алматы қаласы Әкімдігінің Дін мәселелері бойынша басқармасының өкілдері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сонымен қатар, халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы мырза, факультет оқытушылары, сонымен қатар факультет студенттері, магистранттары қатысты. Отырыс барысында қонақтар да өз пікірлерін талқыға салды. Ал имам мен Шіркеу қарым-қатынастары бөлімінің төрағасы бұл мәселенің діндегі орны жайлы тоқталды. Отырысқа қатысқан әрбір тұлға өз пікірлерін дәйектеді.