«Қазақстан Республикасындағы Президент институты»

22 ақпан, 2015

29 қараша 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен бірге Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық құқық мамандығының студенттерімен «Қазақстан Республикасындағы Президент институты» тақырыбында студенттік дөңгелек стол өткізді.

Дөңгелек столдың мақсаты Қазақстандағы президент институтының қалыптасу және даму мәселелерін, Ұлт көсемі – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел тарихындағы орны мен ролі, 11 қараша 2014 жылғы Президенттің Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол» жолдауын талқылау.

Ұйымдастырушылар: з.ғ.к., доценттер Тусупова А.Ж., Машимбаева Г.А., Сайрамбаева Ж.Т., Баймагамбетова З.М., Омиржанов Е.Т.