Кәсіби бағдар беруді ұйымдастырудың инновациялық әдістері

24 ақпан, 2015

2014 жылдың 8 - 12 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал Федералдық университетінің философия тарихы және білім беру философиясы кафедрасымен бірлесіп, «Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың инновациялық әдістері» атты жұмыс берушілерге арналған 32 сағат көлеміндегі курстар өткізді. Курсқа Қазақ ұлттық аграрлы университеті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, IT-университеті, ҚазБСҚА және т.б. ЖОО-ның оқытушылары қатысты.