«Білім берудегі жаңа инновациялық әдістер: дағдылар, технологиялар» атты республикалық семинар өтті

24 ақпан, 2015

ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты, ҚазҰУ-дың біліктілік арттыру институты және журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, жалпы тіл білімі және шетел филологиясы, жалпы және этникалық педагогика кафедралары мектеп мұғалімдеріне арнап «Білім берудегі жаңа инновациялық әдістер: дағдылар, технологиялар» республикалық семинар өткізді.

Семинарда құттықтау сөз сөйлеген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты директорының орынбасары Сәбит Суатай «әл-Фараби атынадғы Қазақ ұлттық университеті және "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалатын кез келді. Біздің институт республика мұғалімдеріне арналған білім берудегі инновациялық технологиялар жайлы курстарды бірлесіп өткізуге дайын. Бұл шара ынтымақтастықты нығайтады», – деді.

Семинарға Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектеп-интернаты, қаладағы «Дарын» мектеп мұғалімдері және №32 орта мектеп ұстаздары қатысты. Семинар қазақ және шет тілдері мен әдебиеті, этнопедагогика және білім берудегі тұлғааралық коммуникация атты модульдардан тұрды.

Шеберлік сыныптар мен семинарларды ҚазҰУ баспасөз және электронды БАҚ, жалпы тілі білімі және шетел филологиясы, жалпы және этникалық педагогика кафедралдары профессор-оқытушылар және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары жүргізді.

Осы семинардың өтуіне мұрындық болған журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваға мектеп ұстаздарының айтар алғысы шексіз.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы