- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ және Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығы болашақ қарым-қатынастарын талқылады
ҚазҰУ және Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығы болашақ қарым-қатынастарын талқылады
30 қарашада Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Бақытжан Жұмағұлов пен Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының (ҰҒЗО) директоры профессор Владимир Майер бас қосты.
Кездесудің басты мақсаты Қазақстандағы Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының қызметімен танысу еді. Жиында ҚазҰУ-дың қазіргі ғылыми жағдайы мен даму жолдары, ҰҒЗО-мен ғылыми қарым-қатынастарды орната отырып, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Шара «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті. Оның мақсаты қазақстандық ғылыми қоғамдастықты Еуропалық ғылыми-технология және Еуропаның Ғылыми Кеңістігіндегі бағдарламалары бойынша INCONET-EECA және BIO CIRCLE екі желілік жобаларымен байланыстыру. Бұл жобалардың демеушілері - Ғылым және Технологияны дамыту жөніндегі Еуропалық Одақтың Жетінші Рамалық Бағдарламасы (FP7).
Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің Ғылыми-Техникалық әріптестік жөніндегі Халықаралық Желісі (INCONET-EECA). Еуропалық Одақ, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас орнатуда ғылыми-техникалық саясатты жүйелеуге бағытталған.
BIO CIRCLE жобасы биотехнология саласындағы ұлттық байланысу қоғамдастығы (NCP) үш мемлекеттің BIO NCP желіге ұлттық ақпараттық орталықтарды енгізуге арналған. BIO CIRCLE -дың мақсаты 2 жылға FP7 ұлттық байланыс орталықтарына (NCP) «Азық-түлік, ауыл шаруашылығы, балық аулау және биотехнология» (FAFB) тақырыбында ұлттық ақпараттық орталықтарды енгізу.
Бас қосудың барысында екі жақ та жемісті еңбек етуге бел буды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі