2014 жылдың 29 қазанында Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра доценттері Ә.А.Құранбек, А.Х.Рамазанова және философия мамандығының 2 магистранттары С. Қалмұратова, А.Байназаров, Т.Оразханның ұйымдастыруымен «100 кітап» жоба аясында: қазақтың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтың шығармашылығын және ғұлама ғалымның «Философия жайынан» мақаласын талқылауға арналған іс-шара өтті. Аталған шара барысында М.Әуезов мақаласы арқылы философия ғылымының әлемдік, батыстық түсініктегі ғана емес, «адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ»,«көркейгендегі жемісін адамның жаны қорек қылатын даналық ағашы», «жеке ғылымдардың тапқанының бәрін жиып, қорытып жаңадан жөн тауып, жол салып адамның ақылын тәрбиелейтін бір ғылым», иығына шекпенін жамылып, бөрігін киген данагөй, қазыналы қария бейнесіндегі қазақы болмысын, көкірекпен көріп, көңілмен пайымдауға мүмкіндік туды.