Жылы және достық атмосферада шәй, кофе іше отырып, май шаммен А. Құнанбаев, М. Шаханов, М. Макатаев, Ф. Онгарсынова, А.С. Пушкин, С. Есенин, Э. Асадов, А. Ахматованың және тағы басқа ақындардың өлеңдерін оқыды. Өлеңдер қазақша, орысша және Қытай елінен келген магистранттар өз ана тілдерінде оқылды. Ары қарай, Сенің өміріңде оны көргенде жүрегін тоқтап қалатындай адам бар ма? Әр күн сайын ұйқыдан оянғаннан бастап соны ойлап тұрасың ба? Ал сен ол үшін барлық нәрсеге дайынсын ба? Сен бір көргеннен ғашық болу дегенге сенесің ба? Барлығы махабаттан басталады? және т.б сұрақтар арқылы көңілдегі ой-пікірлерімен әңгіме жүрді. Кештің соңында қатысушы студенттер өзінің бөлмелеріне барып, өздерінің өлеңдерін оқи бастады. Олардың бойынан көптеген қайғыру, әлде біреуге үміт күтетіндерін, реніш сезімдерін көрсетті, сонымен қатар жылағандар да болды... Олар тарқағылары келмеді. Жалпы кеш, өте сезімге толы және жоғары сапалы деңгейде өтті.