Түлектер күнінде сөйлеген сөзі

28 мамыр, 2022

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

ҚАДІРЛІ ҚОНАҚТАР,  ӘРІПТЕСТЕР!

Баршаңызды Түлектер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚазҰУ биыл Еуропа мен Орталық Азияның дамушы елдерінің үздік университеттері рейтингінде 16-орынға көтерілді.

«Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі» көрсеткіші бойынша университет әлемде 55-орында.

Университетімізде 26 мың студент білім алуда.

Әлемнің 50 елінен шетелдік студенттер оқиды.

ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламалары үлкен сұранысқа ие.

Бүгінгі күні біз халықаралық байланыстарымызды күшейтіп, ҚазҰУ-ды ұлттық зерттеу университетіне трансформациялауды бастадық.

Биылғы сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ресми қабылдауында болып, университетте атқарылған жұмыстарды баяндадым.

ҚазҰУ-ды дамытудың жаңа жоспарларын таныстырдым.

9 мамыр күні Түркияның Ыстамбұл қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын аштық.

ҚазҰУ филиалы 26 мамырда Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте де ашылды.

Екі іс-шараға да Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы қатысып, университетімізге ерекше қолдау көрсетті.

Мемлекет жүктеген міндеттерді біз білікті ұжыммен және беделді түлектерімізбен бірге іске асыратын боламыз.

Бүгін әр жылғы түлектер бас қосып, университетіміздің негізін қалаған тұлға, академик Өмірбек Жолдасбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Барлық факультеттерде кездесулер ұйымдастырылды.

Бүгінгі шара аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми басқаратын ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының отырысы өтті.

Екі жылдан кейін ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы.

Жиында атқарған жұмыстарды қорытындылап, алдағы мақсаттарды айқындадық.

ҚазҰУ түлектері қазіргі таңда еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы осыдан 30 жыл бұрын, 1992 жылы құрылған.

Қауымдастық университет пен түлектер арасындағы тығыз байланыстарды үйлестіреді.

Білім ордасында Түлектер қауымдастығының атқарған жұмыстары көп.

Солардың бірін атап өтсем: өздеріңіз көріп жүрген, ҚазҰУ қалашығының ортасында тұрған  «Мәңгілік ел» стела-сағаты – Түлектер қауымдастығының Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тамаша тартуы.

Бұл идеяның жүзеге асуына Олжас Сүлейменов, Қайрат Мәми, Нұрлан Смағұлов, Арманжан Байтасов, Алмасадам Сәтқалиев, Тахиржан Баратов, Құралбек Құлажанов, Салтанат Байқошқарова,  Айбек Қуатбаев сияқты танымал түлектеріміз үлкен қолдау көрсетті.

Бұл ерекше сағат университетіміздің ғана емес, Алматы қаласының да көрікті орындарының біріне айналды.

Өткен жылдан бері университетімізде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқу ғимараттары мен жатақханалар заман талабына сай жаңа қалыпқа келтірілуде.

Аудиториялар жаңа жиһаздармен, интерактивті тақталармен жабдықталуда.

Әл-Фараби кітапханасы жаңғыртылды.

 Студенттерге арналған бірнеше асхана мен кофеханалар ашылды.

Осы жұмыстардың барлығына да біздің түлектеріміз атсалысып, демеушілік жасап келеді.

Университет ұжымы атынан Түлектер қауымдастығына алғыс айтамын.

 

УВАЖАЕМЫЕ ВЫПУСКНИКИ, ГОСТИ УНИВЕРСИТЕТА!

УВАЖАЕМЫЕ КОЛЛЕГИ И СТУДЕНТЫ!

День выпускника – это особый праздник для студентов.

Особенно студентам 4-го курса.

В этом году состоится большой выпуск обучающихся по всем категориям высшего и послевузовского образования.

Всего дипломы КазНУ будут вручены 8797-ми обучающимся.

Из них: 6613 человек – это выпуск бакалавриата, 1664 – магистратуры.

Докторантуру оканчивают 376 докторантов,  интернатуру завершают – 44 специалистов медицинского профиля.

Это большая армия для пополнения в ряды ассоциации выпускников.

Задачи перед новым поколением специалистов-профессионалов очень ответственные.

Нужно обеспечить рывок в развитии нового Казахстана.

Талантливые студенты КазНУ демонстрируют отличные достижения в учебе, спорте, научной и общественной деятельности.

Студенты и выпускники поддержвиая высокий статус и рейтинг КазНУ.  

Особо хочу отметить высокую гражданскую позицию и патриотизм студентов.

В трагических январских событиях текущего года  в городе Алматы они показали себя политически зрелыми.

Студенты оказали реальную поддержку иностранным студентам университета.

Студенты-казахстанцы доставляли сокурсникам и друзьям продукты питания и лекарства.

Обеспечили охрану корпуса университета и безопасность иностранным гражданам.

От имени коллектива и от себя лично выражаю огромную благодарность профессорско-преподавательскому составу и нашим студентам!

 

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Тәуелсіз елімізде алдағы 5 маусымда референдум өтеді.

Мемлекетіміз жаңа өзгерістерге қадам басқалы тұр.

Әрқайсыларыңыз лайықты таңдау жасайтындарыңызға сенемін.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды озық біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті жастар, білікті мамандар ғана құра алады.

Баршаңызға табыс тілеймін!

ҚазҰУ түлектеріне ақ жол!