С.Сартаевтың 95 жылдығына арналған конференциядағы сөзі

15 қазан, 2022

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Құрметті әріптестер, білім алушы жастар!

Биыл еліміздегі заң ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және ғылым қайраткері Сартаев Сұлтан Сартайұлының туғанына 95 жыл толып отыр.

Көрнекті ғалым саналы ғұмырын заң саласындағы білім, ғылымға арнап, тәуелсіздігіміздің қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірді.

Академик Сұлтан Сартаев – еліміздегі алғашқы құқықтық реформаларды жүзеге асыруға айрықша үлес қосқан ғалым.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның, ҚР азаматтығы туралы, ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы, Тіл туралы заңдарды, Ата заңымызды жасауға және қабылдауға тікелей қатысқан қайраткер тұлға.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа жолдауында:

«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық.

Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады.

Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды.

Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс», – деп атап өтті.   

Бүгінгі қоғам Сұлтан Сартайұлы сынды тұлғалар негізін қалаған құқықтық реформаларды жаңа заман талабына сай жетілдіріп, дамытуы қажет.

Сондықтан заң, құқық саласында озық тәжірибемен алмасу, отандық, шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен университеттердің, сараптамалық-талдау орталықтарының ынтымақтастығын кеңейту аса маңызды.

Бүгінгі конференция заңгерлер үшін тәжірибе алмасудың үлкен диалог алаңы болады деп сенемін.

 

Уважаемые участники конференций!

Академик Султан Сартаевич Сартаев – ученый с мировым именем, внесший выдающийся вклад в становление независимости Республики Казахстан.

Он является автором самых важных государственных актов.

Это Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР, Конституционный закон о независимости Республики Казахстан, первая Конституция суверенного Казахстана, Конституция РК от 30 августа 1995 г.

Также был автором таких важнейших законов как – Закон об учреждении поста Президента Казахской ССР, Закон о языках, Закон о гражданстве.

Он принимал непосредственное участие в разработке более чем двадцати важнейших законов страны.

Деятельность С.Сартаева в качестве депутата Верховного Совета на заре независтимости была чрезвычайна активна.

Кандидатура С.Сартаева была выдвинута на пост в качестве председателя Верховного Совета РК.

Академик С.Сартаев как выдающийся ученый, демократ, юрист известен не только в Казахстане, но и во многих странах дальнего зарубежья и стран СНГ.

Султан Сартаев выступал с лекциями о развитии демократии, права, законов, государства в странах Европы, Азии, Америки. 

Большое влияние на общественную жизнь оказывают идеи и мысли С.Сартаева, изложенные им в более чем 500 научных, научно-популярных и общественно-политических трудах и произведениях.

Самым большим талантом С.Сартаева является его талант учителя, мудрого наставника, педагога высшей школы.

Долгие годы он был деканом юридического факультета, заведующим кафедрой, профессором нашего университета.

 

Құрметті қонақтар, әріптестер!

Бүгінгі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстанның және шетелдердің жетекші ғалымдары, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар арнайы қатысуда.

Сонымен қатар азаматтық қоғамның, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар қатысып отыр.

Қайраткер ғалым Сұлтан Сартаевтың өмір жолына, ғылыми мұрасына және мемлекеттік қызметіне арналған конференция жұмысына табыс тілеймін!